Жаңалықтар

Ақтөбеде жүргізуші өз басшысының үйіне ұрлыққа түскен

Келтірілген шығын 4,1 млн теңгеге бағаланды.

Заречный-2 ауылындағы үйлердің бірінде ұрлық жасалды. Белгісіз адам үйге кіріп, жатын бөлмеден 340 мың теңге, екі ноутбук, күзен тон және алтын алқаны ұрлап кеткен. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.

Көп ұзамай полицейлер жәбірленушінің 35 жастағы жүргізушісін ұстады. Күдікті өз ісін мойындады және ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп жібергенін айтты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.