Дайын өнім экспортына тыйым салса, мұнай зауыттары жабылып қалуы мүмкін
Мұндай өңдейтін шағын зауыттардың өкілдері өндірілген өнімді экспорттауға тыйым салудың орындылығы туралы мәселе көтерді. Шектеу зауыттар қызметін тоқтып, барлау, көлік және сервистік кәсіпорындар сатысында тәуелсіз және шағын мұнай өндіруші ұйымдардың шаруашылық қызметіне әсер етуі мүмкін-деп, хабарлайды «АТАМЕКЕН» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Назерке Бастами.
Тыйым салынғаннан кейін бюджетке мұнай өндеуші шағын зауыттардан түсетін салық көлемі азаюы мүмкін. Орта есеппен алғанда, 2021 жылы экспорттық кедендік баждарды төлеуден түскен түсім 10 млрд теңгені құрады. Бұл кәсіпорындарда 1000-нан астам адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, шектеу зауыттың резервуар паркінде сақтаудағы дайын өнімнің артық жиналуына әкеп соғады.
«Мұнай өңдейтін шағын зауыттарда дизель отыны күкірт тазартатын кешендерді қолданумен өндіріледі. Бірақ өндіру мүмкіндігі бар мұнай өңдеуші шағын зауыттар саны аз. Негізінен мұнау өңдеуші шағын зауыттардың жеткізушілері барлау және өндіру сатысында жұмыс істейтін тәуелсіз және шағын мұнай өндіруші ұйымдар», – деді спикер.