Президент SCAT әуе компаниясының басшысын қабылдады

Жарияланды

Мемлекет басшысы SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдап, ол әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндады.

Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілген.

Бұдан бөлек, Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы ақпарат берілді.

«Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды», делінген хабарлама.

Сондай-ақ оқыңыз