Францияда үйсіздер саны артты

Жарияланды
Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп

Франция елінде үйсіздер саны артты. Қазіргі таңда олардың қатары 330 мың адамнан асады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Қазір Францияда пәтер сатып алуға қолы қысқа 4 миллион адам тұрады. Сарапшылар әлеуметтік осал топтағы азаматтардың мұндай қиындыққа тап болуына елдегі инфляция әсер еткенін айтады. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар мардымсыз, дейді олар. Дегенмен, осы аптада ел үкіметі тұрғын үйге мұқтаж жандарға арналған жаңа бағдарлама жүзеге асатынын жария етті.

Сондай-ақ оқыңыз