«Kaspersky» мамандары криптовалютаны қауіпсіз пайдалану жолдарын ұсынды

Жарияланды
Валютаны ұрлау және алаяқтық — криптовалюта иелері үшін негізгі киберқауіптер

Криптовалютаға байланысты киберқауіптер туралы хабардар адамдардың саны шамамен төрттен бір бөлікті құрайды және осыған ұқсас мөлшердегі адамдардың (23%) олар туралы мүлдем түсінігі жоқ. Бұл әртүрлі елдер тұрғындарының криптовалютаға қатынасын зерттеген «Kaspersky» жаңа зерттеуінің деректері*. Әрбір екінші адам (49%) қандай да бір жолмен криптовалютаға байланысты қылмыстан зардап шекті. Цифрлық ақша иелерінің 40% – ы қолданыстағы қорғаныс құралдары жеткілікті дегенге сенбейді.

Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, криптовалютаны қолданумен байланысты ең танымал киберқауіптер – валютаның ұрлануы және алаяқтық. Бұл туралы респонденттердің 27% және тиісінше 26% хабарлады. Респонденттердің үштен бірінен астамы (38%) цифрлық активтерге иелік етпейтіндер үшін де тәуекелдер бар екенін білмейді. Олар құрылғы иесінен жасырын түрде оның көмегімен криптовалюта өндіретін криптомайнер бағдарламаларымен байланысты.

«Жақында криптовалюта нарығының құлдырауына қарамастан, бұл салада зиянды белсенділік деңгейі төмендеген жоқ. Криптоиндустрия әлі де белсенді дамып келеді және зиянкестер үшін тартымды нысана болып қала береді. Біздің жаңа зерттеуіміз криптовалюта иелерінің цифрлық сауаттылық деңгейін және ықтимал тәуекелдер туралы білімдерін арттыру маңызды екенін көрсетті», – деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы атқарушы директоры Валерий Зубанов.

Криптовалюталардың артықшылықтарын қауіпсіз пайдалану үшін «Kaspersky» мамандары:

  • әрбір аккаунтқа ғана тән күшті, сенімді құпия сөздерді пайдалануды;
  • күдікті хаттар мен сілтемелерден сақ болуды; құпия деректерді енгізбес бұрын әрқашан парақтың мекенжайын бірнеше рет қарап шығуды;
  • жеке кілттерді ешкіммен бөліспеуді, оларды ешқайда орналастырмауды;
  • киберқауіптер туралы көбірек білуге тырысуды, алаяқтардың қандай тұзақтар қоятыны туралы хабардар болуды;
  • барлық құрылғыларға сенімді қорғаныс шешімдерін орнатуды ұсынады.
Сондай-ақ оқыңыз