Сенатор Нұртөре Жүсіп: Цифрлық аутизм – ХХІ ғасырдың дерті

Жарияланды
Ғалымдардың айтуынша, аутизм – «ХХ ғасырдың обасы»

Депутат қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастағанын атап өтті. Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр.

Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты.

Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз