Түркия өңделмеген темекіні қабылдамайтын болды
Түркия ДСҰ-ға мүше барлық елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін өңделмеген темекіні әкелуге тыйым салуды енгізуде- деп, хабарлайды КазСтандарт баспасөз қызметі
Түркия 2023 жылғы 31 наурыздан бастап елге әкелу кезінде темекі бұйымдарында фитосанитариялық сертификаттың болуын және фитосанитариялық бақылауға алынуын талап етеді. Бұл туралы ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт баспасөз қызметі хабарлайды.
Анықтама
2005 жылдан бастап ҚазСтандарт базасында Саудадағы техникалық кедергілер және санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы жұмыс істейді. Орталықтың функцияларына ДСҰ хатшылығына, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тараптарға ақпарат беру кіреді.
Демек, егер қаралып отырған өнімде экспорттаушы елдің Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымы (ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті) берген фитосанитариялық сертификаты болмаса, онда өнім қайтарылатын болады немесе жойылады. Шектеулер темекі бұйымдарына қолданылады.