Биыл әлемде жұмыссыздар саны 3 млн адамға артады
Халықаралық Еңбек Ұйымының (International Labour Organization) «Жаһандық жұмыспен қамту және әлеуметтік перспективалар: 2023 жылғы үрдістер» есебінің мәліметтеріне сай, 2022 жылдың аяғында дүние жүзінде жұмыссыздар саны 205,2 млн адамды құрады — 2021 жылмен салыстырғанда 11,2 млн-ға, 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезіндегіден бірден 30 млн адамға аз. Алайда, «коронадағдарыс» алдындағы 2019 жылмен салыстырғанда 13,3 млн адамға көп.
2023 жылы ХЕҰ болжамынша, жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн-ға жетеді. Ал 2024 жылы жұмыссыздар саны 210,9 млн адам болмақ.
2022 жылы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (6,2%) және 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінегіден (6,9%) төмен, бірақ 2019 жылғы көрсеткіштен (5,5%) жоғары. Сонымен қатар, 2023-2024 жылдары ХЕҰ болжамынша, жұмыссыздық деңгейі қазіргіден өзгеріссіз қалады (5,8%).
Жұмыссыздық деңгейі гендерлік ерекшеліктерге қарай айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, 2022 жылы әйелдерде жұмыссыздық деңгейі 5,8% болса, ерлерде арасында 5,7% болды. Ал 2023-2024 жылдары ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, әйелдер арасындағы жұмыссыздық көбейіп, 5,9% болмақ.