Елімізде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын онлайн рәсімдеуге болады

Жарияланды
Енді қазақстандықтар ХҚКО мен нотариусқа жүгінбей-ақ, жылжымайтын мүлікті онлайн платформада сатып ала алады

Мемлекеттік корпорация цифрлық серіктестермен бірлесіп Digital Almaty 2023 форумында жаңа блокчейн-өнімін таныстырды.

Blockchain технологиясы арқылы барлық қолданушылардың жеке ақпаратының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Аталмыш жобаның арқасында азаматтар өз уақыттарын үнемдеп, 8 сағаттың ішінде құжаттарды рәсімдеп, 10 минут ішінде үйді тіркей алады. Сонымен қатар, бұл қызметтің құны нотариус қызметтерінен әлдеқайда арзан болады. Сондай-ақ, азаматтар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне қарамастан, мемлекеттік құжаттарды онлайн тіркей алады.

Мәмілені рәсімдеген азаматтар мен сатып алынатын объектінің барлық ақпаратын «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қоры тексереді. Сатып алу-сату шартына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюға болады. Бұл мәміленің қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

«Біз Freedom Bank-пен бірлесіп жеке тұлғалар арасындағы сатып алу-сату шартын ресімдеуге арналған онлайн платформаны әзірледік. Жаңа платформа алдағы айда іске қосылады. Бұл жүйеге BI Group құрылыс компаниясы қатысады. Біз ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тіркеуші органдар нотариустардың қызметіне жүгінбестен, тараптардың ерік білдіруін онлайн режимінде тексеруге мүмкіндік беретін биометриялық жүйені енгіздік. Қол қойылғаннан кейін жаңа меншік иесінің құқықтары ЖМТ МДҚ-да тіркеледі», – деді Мемлекеттік Корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

«2021 жылы Freedom Bank тұрғын үйді ипотекаға алудың жүйесін  90%-ға цифрландырды. Бірақ мәмілені жасасудың соңғы кезеңі – нотариуста шартқа қол қою жүйесі әзірленбеген болатын. Мемлекеттік сервистермен интеграциялау және Мемлекеттік корпорациямен құрылған ынтымақтастықтың арқасында, біз 100% құжаттарды онлайн-ресімдеуге мүмкіндік беретін блокчейн-платформасын құра алдық. Осы платформаның көмегімен жеке тұлғалар жылжымайтын мүлікті биометрия мен бейне сәйкестендіруден өткеннен кейін, электрондық форматта ашық және қауіпсіз мәмілелер жасай алады», — Freedom Bank Директорлар Кеңесі Төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов түсініктеме берді.

Сондай-ақ оқыңыз