Еуропа елдерінде инфляция төмендеп келеді

Жарияланды
Қаңтардағы көрсеткіш 8,5%-ті құрады, деп хабарлайды Хабар 24

Бұған Еуроаймаққа мүше 20 елдегі отын нарығының қалыпқа келуі әсер еткен. Сонымен қатар энергия тасымалдаушылардың тарифтерді өсіруі де баяулады. Қаңтарда баға 7%-ке кеміпті. Десек те азық-түлік құны әлі де қымбат. Сарапшылар инфляцияның төмендеуі тауар бағасына жағымды әсер етеді деп айтуға әлі ерте дейді. Жалпы қаржы дағдарысына төтеп беру үшін шұғыл шара қолданып жатқан елдер қатарында Испания, Люксембург және Франция көш бастап тұр. Бірақ Балтық елдерінде кері үрдіс байқалады.

Сондай-ақ оқыңыз