Молдовада төтенше жағдайды 60 күнге ұзартты
Жарияланды
Молдова парламенті үкіметтің өтініші бойынша елдегі төтенше жағдай режимін тағы 60 күнге ұзартты, деп хабарлайды Интерфакс тілшісі.

Молдовада төтенше жағдай өткен жылдың 24 ақпанында енгізіліп, кейін ол бес рет 60 күнге, бір рет 45 күнге ұзартылды. Шешім соңғы рет қарашаның соңында қабылданды, ал төтенше жағдай 4 ақпанда аяқталады.
Премьер-министр Наталья Гаврилица мерзімнің ұзартылуының басты себебі Украинадағы жағдай екенін айтты.