Open Banking – бірнеше банк қосымшасын бір интерфейсте қолдануға мүмкіндік береді

Жарияланды
Ашық банк қызметін дамыту тұжырымдамасы жарияланды

Қазақстан Ұлттық Банкі елімізде  Open API және Open Banking (ашық банк қызметі) технологияларын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялады.

Бұл тұжырымдаманы Ұлттық банк  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген.

Құжат Қазақстанда ашық банкингті дамыту бойынша бірыңғай реттеушілік тәсілдер мен  көзқарасты сипаттайды. Сондай-ақ ашық банктік интерфейстерді енгізу бойынша қаржы инфрақұрылымы мен заңнамалық ортаны дамыту төңірегінде нақты қадамдар мен шараларды ұсынады.

Әзірлеушілердің бастамалары қаржы және төлем нарығының қатысушыларына жеке деректерді басқарудың жаңа, қауіпсіз нұсқаларын ұсынуға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, бірнеше банк сервисі мен қосымшаларын бір интерфейсте біріктіру арқылы қаржылық және төлем қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара байланыс аясында ақпарат алмасу стандартталған ашық бағдарламалау интерфейсін пайдалана отырып, қауіпсіз ортада, үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады» делінген хабарлама.

Ашық банкинг нарық қатысушыларына түрлі инновациялық төлем және қаржы сервистерін құруға жол ашады. Операция жүргізудегі уақыт шығынын азайтып, бәсекені де күшейтеді.

«Ашық банк қызметі»  банктерге өз клиенттері келісім бергенде ғана, оладың деректерін үшінші тарапқа бере алады. Осылайшы ыңғайлыл қызмет көрсету мен жылдамдығын арттырады. Мәселен, банк қызметінде ашық API клиентке бірнеше шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кіріс пен шығысты талдауға және т.б. қызметтерге мүмкіндік береді.

Дереккөз: Ұлттық банк

Open Banking-ті енгізу Оpen API технологиясын қолдануға негізделген. Ол дерек алмасу хаттамасы ретінде халықаралық деңгейде танылған.

Тұжырымдаманың жол картасы негізгі төрт бағытты жүзеге асыруға негізделген:

  1. Open API стандартын әзірлеу,
  2. Open API экожүйесінің мүдделі қатысушыларымен келісу,
  3. әзірленген Open API стандарты шеңберінде бизнес-процесті сынақтан өткізу және бекіту,
  4. жобаны масштабтау: Open API экожүйесіндегі қатысушылар тізімін кеңейту.

Тұжырымдамада көзделген барлық бастама 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз