Инвестиция

ҚазМұнайГаздың жай акциялары KASE индексін есептеуге арналған тізімге енді

Былтыр ғана IPO-ға шыққан «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның жай акциялары KASE индексін есетеуге арналған өкілетті тізімге енді. Ұлттық компанияның бағалы қағаздары 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASEнің негізгі алаңына, «стандарт» санатына енгізілген.

Қазақстан қор биржасы таратқан ақпаратқа сәйкес, биржаның Индекстер және индикаторлар комитеті бұл шешімді «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жай акцияларын ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін фактілерді ескере отырып шығарған.

Атап айтқанда:

1. «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ KASE сауда-саттық жүйесі арқылы 137,5 млрд теңгеге 16 353 049 акцияны жазылу әдісімен орналастырған. Орналастыруға қор нарығының 20 мүшесі қатысып, олар арқылы келесі сомадағы өтінімдер қанағаттандырылды:

  •   12,1 млрд теңге (орналастыру көлемінен 8,8 %) заңды тұлғалар;
  •  55,3 млрд теңге (орналастыру көлемінен 40,2 %) институционалдық инвесторлар;
  •  -70,1 млрд теңге (орналастыру көлемінен 51,0 %) жеке тұлғалар.

2. 2022 жылдың желтоқсан айындағы 16 сауда-саттық күні ішінде (08 желтоқсаннан бастап) KMGZ акциялары бойынша KASE қайталама нарығында мынадай сауда-саттық көрсеткіштері қалыптасқан:

  • жалпы сауда көлемі 22 646,5 млрд теңгені құрады;
  • нәтижелі күндер саны – 100 %;
  • қатысушылар саны – 20.