Швеция мен Финляндия НАТО-ға бірге кіруге ниетті
Жарияланды
Екі мемлекет альянсқа мүше болу үшін өтінішті былтыр мамыр айында берген
Швеция мен Финляндия НАТО-ға бөлек-бөлек емес бір уақытта кіруге ниетті. Бұл туралы қос елдің үкімет басшылары мәлімдеді- деп, хабарлайды Хабар 24 kz.
Екі мемлекет альянсқа мүше болу үшін өтінішті былтыр мамыр айында берген. Бірақ мәселе әлі шешілген жоқ. Оған Түркияның талаптары себеп. Өткен айда екі ел арасындағы ахуал тіпті шиеленісіп кетті. Түркия басшысы Финляндияның НАТО-ға кіруін қолдағанмен, Швецияның мүше болуын қаламайтынын айтқан еді. Ульф Кристерссон, Швеция Премьер-министрі: – Біз НАТО-ға мүше болу үшін өтінішті бірге берген едік. Бұл жолды да бірге жүріп өтуге ниеттімз. Себебі біздің қорғаныс саламыз өте тығыз байланысты. Қос мемлектте де Альянстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады деген үміттеміз.