TikTok қолданушылардың аккаунттарын бақылаудың жаңарған жүйесін іске қосады

Жарияланды
TikTok неліктен аккаунтарды бақылау жүйесін жаңартады?

TikTok шығармашылық пен өзін-өзі көрсетудің шексіз мүмкіндіктерін ұсынады, ал платформа командасы барлық қолданушы үшін қауіпсіз және жайлы орта құруға тырысады. Жаңартылған аккаунтты бақылау жүйесін іске қосу TikTok қауіпсіздік саясатын ашық, түсінікті етеді және платформа ережелерін үнемі бұзатын қолданушылармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады. TikTok қолданушылары платформа қауымдастығының ережелерін жақсырақ түсінуі үшін қосымша ішіндегі Қауіпсіздік орталығында жаңа құралдар пайда болады – «Аккаунт статусы» және «Өтінімдер тарихы» опциялары, онда креаторлар өз аккаунттарында ережебұзушылықтар бар-жоғына, сондай-ақ басқа есептік жазбалар мен мазмұнға қатысты жіберілген шағымдардың күйіне тексеріс жүргізе алады.

Аккаунттарды бақылаудың қазіргі жүйесі платформаның мүмкіндіктерін теріс пайдаланудың алдын алуға арналған бірқатар шектеу шарасын (мысалы, видеоларды немесе түсініктемелерді жариялауға уақытша тыйым салу) қамтиды. Бұл тәсіл зиян контентті тұтастай азайту бөлігінде тиімді болды, ал оның жұмыс істеу принциптері әрқашан контент жасаушыларға толық түсінікті бола бермеді. Атап айтқанда, аккаунттарды бақылау жүйесі платформа ережелерін сирек және байқаусызда бұзғандарды бұғаттауы мүмкін, бірақ оларды үнемі бұзатын пайдаланушыларға қатысты тиімділігі төмен болды.

Платформа ережелерін үнемі бұзатын қолданушылардың белсенділігін талдау ережебұзушылықтардың 90%-ға жуығы бірдей TikTok құралдарын қолдану арқылы болатынын және пайдаланушылардың 75%-дан астамы Ережелердегі бірдей тармақтарды қайта бұзатынын анықтады. Мониторинг жүйесін жаңарту TikTok-қа креаторлар қауымдастығына көбірек қолдау көрсетуге және платформаның мүмкіндіктерін үнемі теріс пайдаланатын аккаунттармен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған бақылау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Жаңа жүйеге сәйкес, қауымдастық ережелерін бұзатын контент жойылады және тиісті аккаунттың иесі ескерту алады. Әрбір ескертудің мерзімі 90 күннен кейін аяқталады.

Егер ескертулер саны қосымшаның белгілі бір функциясы аясындағы ережелерді сақтамау (мысалы, түсініктемелерге немесе тікелей эфирлерге қатысты) немесе TikTok қауымдастығының ережелерінің бір немесе басқа тармағын сақтамау (мысалы, қысым көрсету және қорқыту тақырыбы бойынша) шегіне жетсе, қолданушының аккаунты біржола бұғатталады.

Алынған ескертулердің шекті саны қауымдастық мүшелеріне келтірілген зиянның дәрежесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Сонымен, жеккөрушілік риторикасын насихаттайтын мазмұн үшін шекті шектеулер спамның таралуына қарағанда қатаң болады. Бұрынғыдай, қауымдастық ережелерін өрескел бұзатын аккаунттар ереже бірінші рет бұзылған кезде біржола бұғатталады. Мұндай заңбұзушылықтар зорлық-зомбылықты немесе қоқан-лоққыларды насихаттауды, балаларға жыныстық зорлық-зомбылық немесе кәмелетке толмағандарды азғыру тақырыбындағы материалдарды көрсетуді немесе таратуды, зорлық-зомбылық пен азаптауды шын өмірде көрсетуді қамтуы мүмкін.

Креаторлар платформада өз аккаунтының статусын өз бетінше біле алады

Жаңа өзгерістер қолданушы аккаунтын басқару шешімдерінің ашықтығын арттыруға және TikTok қауымдастығына платформа қауымдастығының ережелеріне қалай сәйкес келетінін жақсырақ түсінуге көмектесуге бағытталған.

Қосымша ішіндегі қауіпсіздік баптауларында алдағы апталарда жаңа функционал пайда болады – «Аккаунт статусы» және «Өтінімдер тарихы» бөлімдері, онда қолданушының есептік жазбасы туралы ақпарат және оларға басқа есептік жазбалар мен жарияланған мазмұнға қатысты жолданған шағымдар статусы қолжетімді болады. Жаңа құралдар ережебұзушылықтар болған жағдайда креаторлар алатын хабарламалармен бірге, ескертуді қайта қарау және шағымдану үшін өтінім қалдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, TikTok креаторларға олардың аккаунттары бұғаттау алдында тұрған жағдайда ескертулер жібереді.

Модерация саласындағы дәйекті және ашық шешімдер

Жаңа құралдар мен функциялар TikTok-тың платформасындағы барлық аккаунттарындағы контенттің жүйелі, әділ және ашық модерациялауды қамтамасыз ету бойынша үздіксіз жұмысының жалғасы болып табылады. Контентті модерациялау процесін бұрынғыдан да ашық ету үшін кейбір нарықтарда платформа командасы жаңа функцияны сынауды бастайды. Бұл креаторларға олардың видеоларының қайсы лентаға жарамсыз деп белгіленгенді, қандай себеппен және аппеляциялық шағым беруге мүмкіндік береді.

Аккаунттарға мониторинг жүргізудің жаңартылған жүйесі Қазақстанды қоса алғанда, TikTok бар елдердің барлығында әрекет ете бастайды. Іске қосылғанда қолданушыларға хабарланады. TikTok командасы платформадағы барлық аккаунт үшін дәл және ойластырылған шешімдерді қамтамасыз ету үшін пайдаланушылардың аккаунттарын бағалау процестеріне қатысты өз жетістіктерін жетілдіруді және бөлісуді жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз