Чили билігі орман өртімен күресу үшін көмек сұрады
Жарияланды
Чилидің бірнеше солтүстік аймағында төтенше жағдай жарияланды
Чилидегі орман өртінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті, деп хабарлайды Хабар 24 .
Тағы мыңға жуық адам жарақат алды. Биліктің мәліметінше, өрт 300 мың гектарға жуық аумақты шарпыған, дәл сол аумақты бүкіл Американың Род-Айленд штаты алып жатыр.
Ел билігі Мексика, Аргентина, Бразилия, Уругвай және Испаниядан өртті сөндіруге көмек сұрады.