Американың Атлант мұхиты жағалауына жақын жерде түсірілген қытайлық әуе шарының сынықтарын іздеу бірнеше күнге созылады, деп хабарлады The New York Times АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Әскери-теңіз күштері мен жағалау күзетінің кемелері оқиға орнында. Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері судан сыеықтарды шығаруға тырысады.
Мәліметтерге сәйкес, америкалық жауынгерлер қытайлық әуе шарын атып түсірген Оңтүстік Каролина жағалауынан алты мильде (шамамен 9,7 км) іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оның сынықтары тереңдігі небәрі 15,5 метрді құрайтын жағалаудағы аймаққа құлады.
Болашақта Пентагон сынықтарды әртүрлі федералды барлау мен құқық қорғау органдарына зерттеу үшін тапсырады, деп атап өтті басылым.