Президент Екібастұздағы үйлерге бірқалыпты жылу беруді тапсырды

Жарияланды

Екібастұз түрғындары жылу электр орталығындағы апаттан бері екі ай ай өтсе де, пәтеріміз суық деп шағымданып жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұз тұрғындарының пәтерлеріндегі температура режимін тұрақтандыруды тапсырды.

Бұл мәселе әлеуметтік нысандарға да қатысты, оны шеші үшін шенеуніктер барлық қажетті шараны қабылдауы қажет.

Одан бөлек, Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Екібастұз тұрғындары апаттан кейін суып кеткен үйлері жылымай жатқанына көп шағым жазып жатыр.

Айта кетейік, Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат болып, қала жылусыз қалған еді. Қалаға барған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов апатқа кінәлі адамдар жауапқа тартылады деп мәлімдеген.

Қазіргі кезде Қазақстанда 19 жылу электр станциясы апатты жағдайда тұр. Бүкіл ЖЭО жабдықтары 66 пайызға тозған. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, оларды жөндеуге 182 млрд теңге қажет.

Сондай-ақ оқыңыз