Қазақстан Түркияға жойқын жер сілкінісіне байланысты көмек көрсетуге дайын
Жарияланды
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Түркияға жойқын жер сілкінісінен кейін көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда
«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.