Қазақстандықтар дәрігерлерге 35%-ға көп шағымдана бастаған
Жарияланды
Соңғы бір жылда 24 мың адам дәрігерлерге шағымданды
2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қазақстандықтардан 24 мың шағым түсті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 35%-ға көп, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.
«Соңғы бір жылда емделушілер қорға 24 000 шағым жолдаған. Өткен кезеңмен салыстырғанда олардың саны 35%-ға (2021 жылы 17,7 мың шағым) өсті», – делінген хабарламада.
Шағымдардың жартысына жуығы Алматы, Астана және Қарағанды облысында екені атап өтіледі.