Зеленский: Украина тұтқыннан 1762 адамды қайтарды

Жарияланды
Былтырңы жылдан бері

Украина тұтқыннан 1762 адамды қайтарды. Бұл туралы Telegram әлеуметтік желісінде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

«Жалпы, былтырғы жылдың 24 ақпаннан бері біздің команда 1762 украин азаматын тұтқыннан қайтара алды», – деді Зеленский.

Президент сенбі күні тағы 116 украиндық тұтқыннан босатылғанын, олардың 114-і қатардағы жауынгерлер мен сержанттар, екеуі офицерлер екенін еске салды. Олардың қатарында армия, Ұлттық ұлан, қорғаныс, теңіз флоты, шекарашылар, мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің сарбаздары бар.

Сондай-ақ оқыңыз