Украина тұтқыннан 1762 адамды қайтарды. Бұл туралы Telegram әлеуметтік желісінде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
«Жалпы, былтырғы жылдың 24 ақпаннан бері біздің команда 1762 украин азаматын тұтқыннан қайтара алды», – деді Зеленский.
Президент сенбі күні тағы 116 украиндық тұтқыннан босатылғанын, олардың 114-і қатардағы жауынгерлер мен сержанттар, екеуі офицерлер екенін еске салды. Олардың қатарында армия, Ұлттық ұлан, қорғаныс, теңіз флоты, шекарашылар, мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің сарбаздары бар.