8 өңір тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын орындаған жоқ – Марат Қарабаев

Жарияланды
Фото:shutterstock.com

2022 жылы елімізде 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Алайда сегіз өңір тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарын орындай алмады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында мәлімдеді.

«Тұрғын үйді іске қосудың жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіші 101,8 %-ға орындалды. 2022 жылы 15,1 млн шаршы метр салынады деп жоспарланды. Бір жылда 15, 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынды», деді Марат Қарабаев.

Астана (+18,5 %) және Алматы (+14,7 %) қаласы әкімдері жоспарлы көрсеткішті асыра орындады.

«8 өңір тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарын орындаған жоқ, оның ішінде Ұлытау (52,8 %), Солтүстік Қазақстан (74,8 %) және Атырау (86,8 %) облыстарының көрсеткіштері ең төмен», – деді министр.

2023 жылы 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үйді (143,5 мың тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарланған. 

Сондай-ақ оқыңыз