Ауа-райының қолайсыздығына байланысты теңіздегі кемелерге қауіпсіздіктің алдын алу шараларын қабылдау ұсынылады. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.
Теңізге шықпақ болған кемелерге алдын-ала тоқтайтын айлақты ойластыру тапсырылды. Порттарда тұрған кеме капитандарына олардың қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету тапсырылды.
Әзербайжан экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ақпараты бойынша, осы сейсенбінің екінші жартысынан бастап 10 ақпанның екінші жартысына дейін Каспий теңізі акваториясындағы солтүстік-батыс желдің жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 25-28 м/с дейін жетеді, ал толқындардың биіктігі 3-5 метр, кейде 6-8 метрге дейін баруы мүмкін.