АҚШ –тың қазақстандықтарға виза беруден бас тарту көрсеткіші артқан

Жарияланды

Мемлекеттік департаменттің Консулдық істер бюросы ұсынған іскерлік және туристік статистикасына сәйкес, 2022 жылы Қазақстан Республикасының азаматтарына АҚШ-қа виза беруге шектеу бары жазылған.

Виза в США
Фото: ҚР-ғы АҚШ елшілігі

Егер 2020 жылы Қазақстан Республикасының азаматтарына виза беруден бас тарту деңгейі – 47,34 % құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш – 43,29 пайызға жеткен. Ал 2022 жылы тіптен – 44,02% көрсеткішіне дейін жеткен.
Сонымен қатар, санкцияларға қарамастан, ресейліктерге виза беріледі. Виза беруден бас тарту деңгейіне келетін болсақ, 2020 жылы – 17,79%, 2021 жылы – 29,42%, 2022 жылы – 26,18% құрады.
2020 жылы Қырғызстан азаматтарына АҚШ-қа виза беруден бас тарту пайызы өте жоғары болды. Тіптен – 65,6% құрады. 2021 жылы көрсеткіш – 44%-ға, 2022 жылы 37,85%-ға дейін төмендеді.
Үш жыл бұрын Армения азаматтарына АҚШ-қа виза беруге бас тарту бойынша – 56,47% көрсеткішке жеткен. 2021 жылы бұл көрсеткіш – 37,07%-ға төмендесе, өткен жылы 37,87%-ды құрады.

Бір қызығы, Украина азаматтарының да АҚШ-қа виза беруден бас тарту жағдайлары жиілеп кеткен. 2020 жылы Украина азаматтары үшін визадан бас тарту көрсеткіші – 43,14 пайызды құраған. 2021 жылы көрсеткіш – 15,15 пайызға төмендесе, 2022 жылы – 41,27 пайызға өсті.

Өткен қарашада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтарға Америка Құрама Штаттарына миграциялық емес виза алу оңайырақ болатынын айтқан. Енді виза алу үшін АҚШ елшілігіне барып сұхбаттасу міндетті ережеге енді.

Сондай-ақ оқыңыз