Жаңалықтар

Ақша-кредит саясатына зерттеу жүргізіледі

Фото; ғаламтор желісінен

Ұлттық Банк «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады. Конференция 2023 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласында өтеді,-деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Іс-шара бағдарламасында келесі тақырыптық бағыттар бойынша баяндамалар мен талқылаулар қамтылады:

  • Ақша-кредит саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы:
    • Қазақстан экономикасы үшін инфляция бойынша оңтайлы мақсат
    • инфляция бойынша мақсатты қалыптастырудың оңтайлы сипаттамалары
  • Жаһандық үрдістер және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсері
  • Қазақстандағы ішкі инфляцияның сипаты және оның факторлары;
  • Макроэкономикалық үйлестіру: Қазақстандағы ақша-кредит, фискалдық және макропруденциалдық саясаттардың өзара әрекеттесуі

Конференцияда Ұлттық Банктің, халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері бойынша жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.

Ұлттық Банк жоғары оқу орындары (профессорлық-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу орталықтарының зерттеушілерін Конференцияға қатысуға шақырады. Қызығушылық танытқан жағдайда 2023 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.