Елімізде құс етін мұздатқанда су қосуға қатаң тыйым салынды

Жарияланды
Жаңа ереже қолданысқа енді

Мұздатылған етті еріту кезінде одан бөлінетін судың белгілі нормасы бар. Ол 4%-тен аспауы керек. Бұл туралы Хабар 24 Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Фото:qazaqstan.tv

«Өңделген құс етіне фосфат пен тағам дәмін күшейткіш ағзаға зиянды заттарды қосуға қатаң тыйым салынған. Ережеге бағынбағандарға 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл біздің ғана емес, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей елдері қолданатын бірыңғай стандарт», – дейді комитет төрағасы.

«Тіпті мерзімі өткен құс етіне тамақ дәмін күшейтетін консерванттарды қосатындар да бар. Бірақ жаңа ережеге сәйкес енді мұндай жағдай орын алмауы тиіс»-деді Қуаныш Елікбаев.

Сондай-ақ оқыңыз