Google компаниясы ChatGPT нейрондық желіге бәсеке болатын жаңа «Bard» қызметтін іске қосады. Бұл туралы Bloomberg сайты жазды.
Компания «Bard» атты жаңа қызметіне тәжірбие жасауға дайын екендігін мәлімдеді. Ресми түрде бұл қызмет алдағы апталарда іске қосылады деп күтілуде.
«Bard» атты жаңа сөйлесу қызметінің берген жауаптары ақпарат жағынан сапалы, қауіпсіз және сенімділігінің жоғары стандарттарға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін біз оны өзіміздің ішкі тестілеумен біріктіреміз», – дейді «Alphabet» бас директоры Сундар Пичаи.
Айта кетейік, жаңа қызмет түрі қарапайым сұрақтарға нақты жауап береді.
Google компаниясының өкілінің айтуынша, бұндай тәжірбиелер компанияны жұмысын жақсартуға және тұрақты пайдаланушылардың нақты не керек екенін түсінуге көмектеседі.