Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасына бөлінетін қаржы көлемі қысқартылуы мүмкін
Қазақстан Қаржы министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасын ұстау бюджетін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы үкімет аясында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Бұл туралы Kursiv.media хабарлады .
Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджетінде экс-президент пен оның кітапханасының қызметін қамтамасыз етуге шамамен 6 млрд теңге қарастырылған. Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, алда шығыстар көлемін оңтайландыру жоспарлануда.
«Біз жыл сайын кез келген шығыстарды, соның ішінде кітапхананы ұстауға жұмсалатын шығындарды оңтайландыратын боламыз», — деді Жамаубаев журналистерге берген сұхбатында.
Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджетті жақын арада түзету осы жылдың наурыз айында жоспарланып отырғанын хабарлады. Сондықтан осы көктемде Тұңғыш Президент кітапханасына бөлінетін қаржы көлемі азаюы мүмкін.
Қаңтар айының соңында Тұңғыш Президент Кеңсесі 2023 жылға арналған шығыстарды 708,9 млн теңгеден 591,2 млн теңгеге дейін оңтайландыру жоспарлары туралы хабарлады