2023 жылы қымбаттаған өнімдер аталды

Жарияланды
Пияз бен картоп қымбаттады. Фото: https: shutterstock.com

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жыл басталғалы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қаншалықты қымбаттағанын айтты.

«Жыл басынан бері ең жоғары өсім пияз (22,5%), күріш (5,2%), қырыққабат (4,1%), сүт және сәбіз (3,1%), картоп (3,0%), рожки (2,6%) өнімінде тіркелді», – деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың қаңтарының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%, оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7%-ды құрады.

«Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында – 1,5% құрады», деді ол.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды.

Сондай-ақ оқыңыз