Алаяқтар әкімдік атынан несиені өтеуді сұрайды
Қала әкімдігі қызметкерлері атынан белгісіз адамдардың тұрғындарға қоңырау шалуы жиілеп кетті. Олар несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беруді ұсынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Егер азамат Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрса, онда жалға берілетін тұрғын үй тек кезек тәртібімен беріледі.
Бұл ретте, несие тарихы және екінші деңгейдегі банктер мен шағын несие ұйымдары алдындағы несие мен қарыз бойынша берешек мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға әсер етпейді.
Тұрғын үй басқармасының мамандары ерекше жағдай ғана қоңырау шалады. Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85 мекенжайында орналасқан басқармаға қажетті құжаттарды ұсыну және пәтерді жалдау мен сатып алу-сату шарттарына қол қою үшін шақырылады.
Белгісіз тұлғалар мен алаяқтардан қоңырау түскен жағдайда, қоңырау шалған телефон нөмірін, қоңырау шалушының аты-жөнін тез арада жазып, полицияға жүгіну қажет.