AstraZeneca компаниясы Қазақстанда өндіріс орнын ашуға ниетті

Жарияланды
AstraZeneca компаниясы Қазақстанға келмек. Фото: shutterstock.com

Коронавирусқа қарсы вакцина шығарған AstraZeneca халықаралық биофармацевтика компаниясы Қазақстанда өндіріс орнын ашуға ниетті. ҚР ДСМ мен AstraZeneca компаниясы Қазақстан-Ұлыбритания үкіметаралық комиссиясының 9-отырысында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бұл меморандум – фармацевтика және денсаулық сақтау саласы бойынша қол ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың бір бөлігі.

Лондонда өткен отырыста Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективалары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық талқыланған.

«Наурыз айында ресми Астана Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли мен Ұлыбританияның басқа да бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларының сапарын күтіледі», деліген хабарламада.

Пандемия мен геосаяси тұрақсыздық салдарына қарамастан, Ұлыбритания еліміздің экономикасына 20 млрд АҚШ доллардан астам инвестиция салған. Оған қоса, Қазақстанның негізгі экономикалық әріптестерінің бірі. Біріккен Корольдік инвестициялары тұрақтылықты көрсетіп қана қоймай, 2020 жылы 36%-ға және 2021 жылы 20%-ға өсті. Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік ивестициялар көлемі 2022 жылдың алғашқы 9 айында 529 млн АҚШ долларға жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі салаларда жұмыс істейтін 600 британдық компания бар. Мысалы, Royal Dutch Shell және Ernst&Young»сияқты ірі компаниялар – ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері.

Сондай-ақ, екіжақты сауданың оң динамикасы атап өтілді – 2022 жылы сауда көлемі 58,7%-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ доллардан 1,8 млрд АҚШ долларға жетті. Бұл ретте қазақстандық экспорт 71%-ға ұлғайып, 1,5 млрд АҚШ доллар құрады.

AstraZeneca 2007 жылы Алматыда өз өкілдігін ашты. Компания сайтында AstraZeneca компаниясының 70-ке жуық қызметкері Қазақстан жұмыс істейді делінген.

AstraZeneca 1999 жылы шведтік Astra AB және британдық Zeneca тобының бірігуі нәтижесінде құрылған. Кәсіпорын онкологиял, жүрек-қан тамырлары, аутоиммунды және респираторлық ауруларды, сондай-ақ зат алмасу бұзылыстарын емдеуге арналған препараттарды әзірлеу және өндірумен айналысады. 2020 жылы AstraZeneca Оксфорд университетімен бірге COVID-19 вакциналарының бірін әзірледі.

Сондай-ақ оқыңыз