«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің қолжетімділігі «Қазпошта» АҚ арқылы ұлғаюда

Жарияланды

2022 жылы Қор қызметтерін көрсету барысында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің санына пошта операторының тағы 27 бөлімшесі қосылып, 376-ға дейін ұлғайтылды. Бұл шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына, қажет болған жағдайда, өздерінің жеке деректеріне өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың неғұрлым танымал әрі ыңғайлы тәсілін нақтылап, таңдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: БЖЗҚ сайты

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобасының арқасында 2019-2022 жылдар аралығында салымшыларға (алушыларға) 35 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 11 мыңнан астам салымшы электрондық хабарлау тәсілін таңдады. 23 мыңнан астам адам жеке деректемелерін өзектендірді. БЖЗҚ қызметтеріне ең көп сұраныс Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі қызметтерді алады:

· салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелерін, телефон нөмірін, электрондық және пошталық мекенжайларын) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру;

·   хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою («электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы» және «электрондық пошта арқылы» тәсілдеріне өзгерту).

Сондай-ақ оқыңыз