Жаңалықтар

Елімізде көмір экспортының көлемі небәрі 2%-ға өсті

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда ҚР-да қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 118 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2% артық. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Фото:egemen.kz

Өндірістің жалпы көлемінің 90,5%-ы дәстүрлі түрде екі негізгі өңірге — Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі. Павлодар облысында 68,4 млн тонна көмір өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2% артық, Қарағанды облысында 38,3 млн тонна көмір, бір жылда 2,5% азайды.

Тас көмір өндірісі 108,1 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 1,3% артық. Оның ішінде кокстелетін көмір өндіру 7,6 млн тоннаны құрады, бір жылда 16,4% азайды, энергетикалық көмір — 17,9 млн тонна, бір жылда 14,9% көбейді.

Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 16,9% өсіп, 5,8 млн тоннаға жетсе, көмір концентраты өндірісі 2,5% көбейіп, 4,1 млн тоннаға жетті.

2022 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан 836,9 млн АҚШ долларына 27,2 млн тонна тас көмір экспорттады. Өсім физикалық мәнде небәрі 2,2% болғанымен, ақшалай түрде 87,6% көбейді.

ТМД елдеріне 18,7 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,9% аз. Мұнда Қазақстаннан экспорттың негізгі бағыты Ресей болды, ол 17,2 млн тонна көмір импорттады — бұл өткен жылмен шамалас (оның үстіне ақшалай есептегенде жеткізу 3,7% азайды). Қазақстандық көмірдің негізгі үш импорттаушысына Қырғызстан мен Өзбекстан да кірді.

Қалған елдерге 8,5 млн тонна көмір экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,1% көп. Ақшалай есептегенде экспорт көлемі 6,3 есе өсіп, 572,4 млн АҚШ долларына жетті. Мұнда Швейцария, Польша және Кипр қазақстандық көмірдің негізгі импорттаушыларына айналды.

Елімізде биылғы желтоқсанда көмір бағасы былтырғымен салыстырғанда 9,3% өсті.

Бағаның ең көп өскен өңір Ұлытау облысы: бір жылда 59,6% қымбаттады. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан (23,5% қымбатады) және Ақтөбе (22,8% қымбаттады) облыстары.

Бағаның ең аз өсімі Қызылорда облысында тіркелді: бар болғаны 1,3%. Батыс Қазақстан облысында баға 2021 жылдың желтоқсан айындағы деңгейде қалды.

Бұл ретте ҚР премьер-министрі өңірлік көмір тарату операторларының қызметіне талдау жасап, өнімсіз делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік нысандар мен халықты тікелей тау-кен орындарынан отынмен қамтамасыз етудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.