Президент Түркия елшілігіндегі көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Жарияланды
Тоқаев көңіл айту кітабына жазба қалдырдыү Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.
 
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
 

– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев Үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған.

Қазақстандық құтқарушылардың тағы бір борты жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшты.

Жойқын зілзала болған Түркияда қазіргі кезде 75 мың қазақстандық жүр.

Сондай-ақ оқыңыз