Жаңалықтар

Қазақстан Түркияға 1 млн доллар қаржы бөледі

Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда телеграм арнасы хабарлады.

Фото: Ақорда кз

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.