Қазақстан жоғары оқу орындары Түркияда оқып жүрген студенттерді қабылдауға дайын
Қазақстан жоғары оқу орындары Түркияда оқып жүрген ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, 8000-нан астам ҚР азаматы Түркияда оқып жүр.
«ҚР Түркиядағы Елшілігінің ақпараты бойынша 8000-нан астам ҚР азаматы Түркияның жоғары оқу орындарында оқиды, оның ішінде 11 «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 190 студенті бар», делінген хабарламада.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу елінде төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру оқу жылы бойында жүзеге асырылатынын хабарлайды.
«Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындары ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын», дейді министрлік.