Үй жануарларын экспорттауға сандық шектеу қойылды

Жарияланды

2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото:egemen.kz

Соған сәйкес келесі сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:

– 60 000 (алпыс мың) бас мөлшерінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102)

–  қошқарлар (тауар номенклатурасының коды 0104) саны 120 000 бас.

Бұйрыққа сәйкес 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қойлар үшін квоталар белгіленді.

1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит – 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.

2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша республикада барлығы 13 033 бас карантинге қойылды, оның ішінде 10 625 ІҚМ және 2 408 ІҚМ.  474 бас ІҚМ үшін мал әкетуге рұқсат алынды, осы күні 217 бас ІҚМ шығарылды

Сондай-ақ оқыңыз