Қазақстаннан алтын экспорты. 2018–2022
Қазақстан алтын сатудан түсетін экспорттық табысты арттыруда. 2022 жылдың қаңтар–қараша айларында қазақстандық экспорттаушылар шетелге жалпы сомасы 66,9 млн АҚШ долларына 4,2 тонна өңделген және өңделмеген алтын жөнелтті. Бұл 2021 жылы толық экспортталған алтын көлемімен шамалас; оның үстіне ақшалай алғанда өсім бірден 88% құрады.
Толық 2018 жылдың көрсеткішімен салыстыратын болсақ, онда физикалық мәндегі өсім 16,6%-ды құрады, ал құндық мәнде көрсеткіш жеті есеге жуық өсті.
Сату көлеміне келетін болсақ, мемлекет тарапынан шектеулерге байланысты экспорттық өнімнің бұл түрі бойынша күрт ауытқулар мүмкін емес. Президенттің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» жарлығына сәйкес, елден 100 грамнан астам алтын құймалары мен тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынды. Бұл ҚР Ұлттық банкінің немесе құрамында алтыны бар шикізатты Қазақстанға қайта өңдеу және басқа елдерге кері экспорттау үшін импорттайтын ірі өнеркәсіптік компаниялардың операцияларына қатысты емес.
Бір қызығы, 2022 жылы қазақстандық алтын экспортының құрылымы өзгерді. Егер 2017–2021 жылдары сары металдың негізгі сатып алушысы Қырғызстан болса, өткен жылы экспорт көлемі физикалық мәнде ең осы елге (52,5% немесе 2,2 тонна) шыққанымен, бірақ ақшалай Ресей ең көп сатып алды. Экспорттық пайызы 61,6%-ы (41,2 млн АҚШ доллары) Ресейге, 38,3%-ы, яғни 25,7 млн АҚШ доллар Қырғызстанға тиесілі.
Сұраныстың артуы өз кезегінде бағаға әсер етті. Өткен жылы сату үшін ең қолайлы уақыт наурыз-сәуір айлары болды, ол кезде алтынның бір унциясының құны 1,9 мың АҚШ доллардан жоғары болған. Баға ең төмен уақыт қыркүйек-қазан айларында тіркелді, онда бір унция бағамы 1,65–1,63 мың АҚШ долларына дейін төмендеді.
2023 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша бұл активтің бір унциясы 1,92 мың АҚШ доллары тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,3% жоғары.