Дүниежүзілік банк зілзаладан зардап шеккен Түркияға 1,78 миллиард доллар бөледі
Дүниежүзілік банк Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін 1,78 миллиард доллар бөлетінін жариялады.
«Бүгін Дүниежүзілік банк Түркияға шұғыл көмек пен қалпына келтіру жұмыстарына 1,78 миллиард доллар бөлетінін жариялады», делінген хабарламада.
Дүниежүзілік банк « апаттың ауқымын түсіну және қалпына келтіру мен қайта құруды қолдаудың басым бағыттарын анықтау үшін зиянды жылдам бағалауды бастағанын» атап өтті.
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 17 мыңнана асқан.
6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, шекаралас Сирияда да сезілді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар үшін елде бір апталық аза тұту жариялады.
Қазақстан үкіметі Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлді.