KASE биржалық нарықтың жұмыс қорытындысын ұсынды

Жарияланды

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2023 жылдың қаңтарындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлады.

Фото:strategy2050.kz
  •  жылдың қаңтарындағы 23,7 трлн теңгені құрады және желтоқсанға қатысты 9,2 %-ға немесе 2,4 трлн теңгеге төмендеді.
  •  %-ға өсіп, 3 299,91 тармақты құрады.
  •  %-ға 21,7 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,3 %-ға 14,4 трлн теңгеге дейін төмендеді.
  •  жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 579 атаудағы 228 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
  •  жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 545 431 жеке тұлғаға ашылған 578 673 дербес қосалқы шот болды. Қаңтар қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 38 972 жаңа дербес қосалқы шотты тіркеді

Ағымдағы жылдың қаңтар айында KASE-де «жасыл» облигациялар шығару есебінен қаржыландыруды алуды жоспарлап отырған компаниялар мен жергілікті атқарушы органдар үшін алғашқы «Green Band competition» байқауы өтті.

АКЦИЛАР НАРЫҒЫ

2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 21,7 трлн теңгені (47,2 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 524,0 млрд теңгеге немесе 2,5 %-ға жоғары. Өсімнің негізгі үлесі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және Kaspi.kz АҚ акцияларының бағасын көтеру арқылы капиталдандыруға тиесілі болды.

Қаңтар айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 99 эмитенттің 113 атаудағы акциялары болды, оның ішінде төрт эмитенттің төрт атаудағы акциялары «Листингілік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. Қаңтар айында эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен «Қазбургаз» АҚ жай акциялары алынып тасталды.

Қаңтарда акциялармен сауда-саттық көлемі 19,0 млрд теңгені құрап, желтоқсанға қатысты 90,4 %-ға немесе 179,3 млрд теңгеге төмендеді.

Есептік айда «AMF Group» АҚ жазылым шеңберінде бір акция үшін 258,00 теңге бағасы бойынша жалпы сомасы 144,9 млн теңгеге 561 678 жай акция орналастырды.

Қайталама нарықта сауда-саттық көлемі 18,9 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 944,0 млн теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 2 990, бір мәміленің орташа көлемі – 315,7 мың теңгені құрады.

Инвесторлардың негізгі санаттары арасында жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен мәмілелердің жиынтық көлемінің 48,2 %, банктердің үлесіне – 2,4 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 7,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,7 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 38,9 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің үлесі 32,9 % құрады.

KASE ИНДЕКСІ

Қаңтар айында KASE Индексінің мәні 1,5 %-ға өсіп, айдың соңына қарай 3 299,91 тармақты құрады. Максималды мән– 3 334,03 тармақ – 25 қаңтарда тіркелді.

2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE индексінің есебіне «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жай акциялары енгізілді. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ бағалы қағаздары қаңтар айында 1 % өсіммен жабылды.

Индекстік акциялармен жасалатын мәмілелер көлемі 2023 жылдың қаңтарында 3,3 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен 616 млн теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі– 1 247,7 млн теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 38,0 %) «Kcell» АҚ жай акцияларына келді.

«Қазатомөнеркәсіп»Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның жай акциялары қаңтар айының қорытындысы бойынша 10,4 %-ға қымбаттады. Жыл басынан 25 қаңтарға дейін акциялардың бағасы оң корпоративтік жаңалықтар тұсында дәйекті түрде өсті: 05 қаңтарда Fitch және Moody’s халықаралық рейтингілік агенттіктері компанияның рейтингтерін сәйкесінше BBB- Тұрақты және Baa2 Тұрақты растайтынын жариялады. Сондай ақ компания Энергетика министрлігінің екі еншілес кәсіпорынның жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын ұзартқанын және 2025 жылға қарай канадалық Cameco уран компаниясымен бірлескен жобаның инвестициялық кезеңінің аяқталғанын хабарлады. 27 қаңтардан бастап 2022 жылғы өндірістік қорытындылар жарияланғаннан кейін акциялардың бағасы төмен қарай түзетіле бастады. Жыл қорытындысы бойынша компанияның өндіріс көлемі 3 %-ға 21,2 мың тоннаға дейін төмендеді, сату көлемі 1 %-ға 16,4 мың тоннаға дейін төмендеді, бұл ретте сатудың орташа бағасы уранның унциясы үшін 31 %-ға 43,46 долларға дейін өсті. 2023 жылы компания өндірісті 20,5-21,5 мың тонна деңгейінде қалдыруды және бұл ретте сату көлемін 15,4-15,9 мың тоннаға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

Айдың қорытындысы бойынша екінші және үшінші орында тиісінше +2,9 % және +1,4 % нәтижелері бар «Қазақтелеком» АҚ және «Kcell» АҚ акциялары тұр. 11 қаңтарда «Қазақтелеком» АҚ AzerTelecom компаниясымен бірлесіп Каспий түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс орнату бойынша жұмысты қайта бастауды және жұмыстарды бір жарым-екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Жасыл аймақтағы қаржы секторының индекстік өкілдерінен айды Kaspi.kz АҚ жай акциялары ғана аяқтай алды, олар 1,1 % қосқан. Айдың ортасында Михаил Ломтадзе финтех гигантындағы үлесін 23,42 %-дан 24,55 %-ға дейін арттырды, сонымен қатар Лондон қор биржасында ЖДҚ сатып алу жалғасуда: Биржаның сайтында жарияланған есептерге сәйкес, қаңтар айында 13,7 миллион АҚШ долларына 187 173 ЖДҚ сатып алынды. Корпоративтік нәтижелерді Топ 27 ақпанда жариялайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ акциялары бағасының 3,3 % жоғалтып, айды ең үлкен төмендеумен аяқтады. 13 қаңтарда Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі 2023 жылдың бірінші тоқсанында Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 300 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауға растау алды. 26 қаңтарда «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдағы өндірістік қорытындыларын жариялады. Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 1,4 %-ға 40,7 млн тоннаға дейін қысқарды, бұл ретте ҚР мұнай өңдеу зауыттарына және шоғырландырылған жүк айналымына жеткізу көлемі тиісінше 5,5%-ға және 0,5 %-ға өсті. 

KASE GLOBAL СЕКТОРЫ

Қаңтар айының соңында KASE Global секторында 46 атаудағы акциялар және шетелдік эмитенттердің алты ETF болды.

Есептік айда KASE Global секторында жалпы сомасы 2,0 млрд теңгеге 4 520 мәміле жасалды. Желтоқсанға қатысты сауда көлемі 16,8 %-ға немесе 287,3 млн теңгеге өсті. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 100,0 млн теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 226, бір мәміленің орташа көлемі – 442,7 мың теңгені құрады.

Айдың қорытындысы бойынша мәмілелердің ең көп көлемі келесі акцияларға түсті:

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде 52,1 % жеке тұлғаларға, 17,7 % – брокер-дилерлерге, 30,2 % – басқа заңды тұлғаларға тиесілі.

КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР

Айналыстағы корпоративтік борыш көлемі 2023 жылдың қаңтарында 0,3 %-ға немесе 42,0 млрд теңгеге 14,4 трлн теңгеге (31,3 млрд USD) дейін төмендеді.

2023 жылдың қаңтар айының соңында KASE ресми тізімінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 342 шығарылымы болды. Қаңтар айында KASE ресми тізіміне «Кредит Time» МҚҰ» ЖШС облигацияларының бір шығарылымы енгізілді. Қаңтар айында KASE ресми тізімінен облигациялардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты бес шығарылымы: «Қазақстандық орнықтылық қоры» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Kaspi Bank» АҚ бір-бір шығарылымынан және эмитенттің бастамасымен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ бір шығарылымы алынып тасталды.

Корпоративтік облигацияларының кірістілік индексі KASE_BY мәні қаңтарда 19 б.т. өсті және айдың соңында жылдық 12,85 % құрады.

KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылдың желтоқсанына қарағанда 66,3 %-ға немесе 362,8 млрд теңгеге 184,3 млрд теңгеге дейін төмендеді. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 9,2 млрд теңгені (қайталама нарықта – 1,9 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 108 мәмілені (қайталама нарықта – 107 мәмілені), бір мәміленің орташа көлемі – 85,5 млн теңгені (қайталама нарықта – 18,1 млн теңге) құрады.

2023 жылғы қаңтарда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 145,7 млрд теңгені құрады, бұл желтоқсан айындағы көрсеткіштен 64,4%-ға немесе 263,6 млрд теңгеге төмен. Есептік айда үш шығарылым орналастырылды – «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ жылдық 18,12-18,53% өтеуге орташа сараланған кірістілігі бар және өтеуге дейінгі мерзімі үш жылдан жеті жылға дейінгі облигацияларды орналастыра отырып, 43,9 млрд теңге тартты.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында брокер-дилерлердің үлесі 0,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 75,7 %, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 24,1 % құрады. Бейрезиденттер корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығына қатысқан жоқ.

Облигациялардың қайталама нарығындағы сауда-саттық көлемі 2022 жылдың желтоқсанына қатысты 72,0 %-ға немесе 99,3 млрд теңгеге 38,6 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 4,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 33,9 %, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 59,8 %, жеке тұлғалардың үлесі – 2,2 % құрады. Бейрезиденттердің үлесі 21,8 % құрады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР (МБҚ)

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыштың номиналы бойынша сомасы жыл басынан бері 0,9 %-ға немесе 188,5 млрд теңгеге ұлғайып, 21,7 трлн теңгені (47,2 млрд USD) құрады.

KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 515,6 млрд теңгені құрады және өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 22,8 %-ға немесе 152,7 млрд теңгеге төмендеді. 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 25,8 млрд теңгені (қайталама нарықта – 3,3 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 17 (қайталама нарықта – 11), бір мәміленің орташа көлемі – 1,6 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,3 млрд теңге) құрады.

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда көлемі 21,8 %-ға немесе 125,4 млрд теңгеге 449,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Барлық көлем Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыруына келді. Барлығы орташа сараланған кірістілігі жылдық 11,50-16,70% (жылдық 11,50-17,00 %) болатын облигациялардың 12 шығарылымы орналастырылды, облигациялардың өтеуге дейін мерзімі бір жылдан 25 жылға дейін.

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне 66,5 %, брокерлердің үлесіне – 2,6 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 20,3 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 10,5 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 % тиесілі болды. МБҚ бастапқы нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 0,1 % – дан кем болды.

Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 27,3 млрд теңгеге 29,3 %-ға төмендеп, 66,0 млрд теңгені құрады. Қайталама нарықтағы Ұлттық Банк ноталарымен сауда-саттық үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 54,9 % немесе 36,3 млрд теңгені, МЕКАМ үлесі – 43,7% немесе 28,9 млрд теңгені, Қазақстан Республикасы еурооблигацияларының үлесі-0,2% немесе 150,9 млн теңгені құрады. 1,1 % немесе 745,9 млн теңгені құрайтын қалған көлем шет мемлекеттердің МБҚ-мен (АҚШ, Түркия және Австрия Қаржы министрлігінің облигациялары) мәмілелерге келді.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 27,6 %, брокер-дилерлердің үлесіне – 1,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 4,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 65,7 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,6 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің қатысуы 10,7 %-ға бағаланады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ (МҚҰ) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ

2023 жылдың қаңтар айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде төрт халықаралық қаржы ұйымының: Еуразиялық даму банкінің, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің, Еуразиялық даму банкінің, Халықаралық қаржы корпорациясының және Азия даму банкі облигацияларының 40 шығарылымы болды.

2023 жылғы қаңтарында KASE ресми тізіміне Азия даму банкінің жасыл облигацияларының бір шығарылымы енгізілді. Қаңтар айында «халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторынан айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты Азия Даму Банкі облигацияларының бір шығарылымы алынып тасталды.

Қаңтар айында халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 67,0 %-ға немесе 3,7 млрд теңгеге өсіп, 9,1 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 456,8 млн теңгені (қайталама нарықта – 11,8 млн теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – бір мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 365,4 млн теңгені (қайталама нарықта – 11,8 млн теңге) құрады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары секторының бастапқы нарығында Азиялық Даму Банкінің жылдық 16,65 %-бен жалпы сомасы 8,9 млрд теңгеге бір шығарылымы орналастырылды.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде бастапқы нарықта банктердің үлесі 50,6 %, институционалдық инвесторлардың үлесі 49,4 % құрады. Бейрезиденттер МҚҰ бастапқы нарығына қатысқан жоқ.

2023 жылғы қаңтар айында қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 95,7 %-ға немесе 5,2 млрд теңгеге төмендеп, 235,4 млн теңгені құрады.

Инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының қайталама нарығында барлық көлем заңды тұлғалардың шоттарына тиесілі болды.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ

2023 жылдың 01 ақпанында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторында алты басқарушы компания мен алты ETF басқаратын 21 өзара қор құралы болды.

Есептік айда сауда көлемі 302,2 млн теңгені құрады және 2022 жылдың желтоқсанына қатысты 14,2 %-ға немесе 50,1 млн теңгеге төмендеді. Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде 40,6 % жеке тұлғаларға, 11,0 % – брокер-дилерлерге, 48,4 % – басқа заңды тұлғаларға тиесілі болды.

ТУЫНДЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE ресми тізімінде бес шығарылымның жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) болды, олардың базалық активтері «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, Kaspi.kz, «Қазақтелеком» АҚ және «ForteBank»АҚ жай акциялары болып табылады.

2023 жылдың қаңтарындағы сауда-саттық көлемі 153,2 млн теңгені құрады және 2022 жылдың желтоқсанына қатысты 87,3% -ға немесе 1,1 млрд теңгеге төмендеді. Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде 33,4 % брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 56,8 % – басқа институционалдық инвесторларға, 9,7 % – жеке тұлғаларға тиесілі болды.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ ШОТТАРЫ

2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 545 431 жеке тұлғаға ашылған 578 673 дербес қосалқы шот болды. Қаңтар айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 38 972 жаңа дербес қосалқы шотты тіркеді

ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫ НАРЫҒЫ

Ағымдағы жылдың қаңтар айында KASE шетел валюталары нарығындағы сауда-саттыққа KASE 31 мүшесі қатысты.

Қаңтар айында шетел валюталары нарығында сауда-саттық көлемі 2022 жылғы желтоқсанға қарағанда 6,2 %-ға немесе 112,8 млрд теңгеге 1,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 87,0-ден 85,8 млрд теңгеге дейін төмендеді, мәмілелердің орташа күндік саны 440-тан 347-ге дейін төмендеді, бір мәміленің орташа көлемі 198,0-ден 247,4 млн теңгеге дейін өсті.

Төмендегі кестеде KASE-де саудаланатын валюта жұптарының негізгі сипаттамалары келтірілген (жақшада көрсеткіштің алдыңғы айға өзгеруі көрсетілген, бағамның өзгеруі шетел валютасының теңгеге орташа сараланған биржалық бағамының номиналды өзгерісін көрсетеді).

АҚША НАРЫҒЫ

Қаңтар айында ақша нарығындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 21,2 трлн теңгені құрап, желтоқсан айындағы көрсеткішке қатысты 7,1 %-ға немесе 1,6 трлн теңгеге төмендеді.

13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1,0 т.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16,75 % деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады, тиісінше өтімділікті беру бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 17,75 %, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша – 15,75 % құрады.

Мәмілелер көлемі арқылы орташа өлшенген USD/KZT валюталық своп операциялары және бір жұмыс күні ашылған МБҚ-мен автоматты репо операциялары бойынша кірістіліктің мәні болып табылатын MM_INDEX ақша нарығының композиттік индикаторы бір айда 169 б.т.-ға жылдық 17,85 %-дан 16,16 %-ға дейін төмендеді.

РЕПО ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ

Репо операцияларының жиынтық көлемі Қаңтарда 17,8 трлн теңгені құрады, бұл желтоқсан көлемінен 1,4 трлн теңгеге немесе 7,2 % – ға аз. Орташа күндік мәнде операциялар көлемі 911,5-тен 888,5 млрд теңгеге дейін төмендеді, күнделікті жасалған мәмілелердің орташа күндік саны 1 164-тен 1 229-ға дейін өсті, мәміленің орташа көлемі 783,3-тен 723,1 млн теңгеге дейін төмендеді.

МБҚ-мен авторепо операцияларының көлемі 13,1 трлн теңгені немесе 73,8 %, ББҚ-мен авторепо – 4,6 трлн теңгені немесе 26,2 %, МБҚ тікелей репо – 130,1 млн теңгені немесе 0,1 %-дан аз, ББҚ-мен тікелей репо – 3,8 млрд теңгені немесе 0,1 % – дан азын құрады.

2023 жылдың қаңтарының қорытындысы бойынша TONIA индикаторы 147 б.т. – ға жылдық 17,63 %-дан 16,16 % – ға дейін, TRION индикаторының мәні-133 б.т. – ға жылдық 17,56 % – дан 16,23 % – ға дейін төмендеді, жеті жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлемені білдіретін TWINA индикаторының мәні – 108 б.т. жылдық 17,04 %-дан 15,96 % – ға дейін.

ВАЛЮТАЛЫҚ СВОП ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Қаңтар айында валюталық своп операцияларының жиынтық көлемі 3,5 трлн теңгені құрады, бұл желтоқсан көлемінен 240,5 млрд теңгеге немесе 6,5 % – ға төмен. Операциялардың орташа күндік көлемі 177,1-ден 173,9 млрд теңгеге дейін төмендеді, күнделікті жасалған мәмілелердің орташа күндік саны 24-тен 25-ке дейін шамалы өсті, мәміленің орташа көлемі 7,4-тен 7,0 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Аспаптық құрылымда валюталық своп нарығындағы жалпы көлемнің 36,1 % (1 256,1 млрд теңге немесе 2 713,9 млн USD) бір күндік валюталық своппен (USDKZT_0_001) операцияларға, валюталық своп нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемінің 63,1 % – ы (2 196,0 млрд теңге немесе 4 747,9 млн USD) операцияларға екі күндік валюталық своп (USDKZT_0_002), валюталық своп нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемінің 0,8 % (26,5 млрд теңге немесе 4,0 млрд RUB) екі күндік валюталық своппен (RUBKZT_0_002) операцияларға тура келді.

Қаңтардың аяғында SWAP-1D (USD) бір күндік долларлық своптың кірістілігі жылдық 16,18 % құрады, бір айда 244 б.т.-қа төмендеді, екі күндік SWAP-2D валюталық своптың (USD) кірістілігі қаңтарда 196 б.т. жылдық 16,72 % – ға дейін төмендеді.

ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫ

Қазіргі уақытта биржалық нарықтың осы секторында АҚШ долларының теңгеге бағамына, Ресей рублінің теңгеге бағамына, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ жай акциялары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жай акциялары және KASE Индексіне жеткізілімсіз фьючерстер саудаға қолжетімді.

2023 жылдың қаңтарында Ресей рублінің теңгеге бағамына фьючерстермен жалпы сомасы 6,8 млрд теңгеге төрт мәміле жасалды. 01 ақпанда туынды қаржы құралдар нарығындағы сауда-саттыққа қатысушылардың ашық позициялары 1 000 000 фьючерсті құрады.

Сондай-ақ оқыңыз