Қазақстан Сирияға 160 млн теңге көмек береді

Жарияланды

Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Сирияға республикалық бюджеттен 160 млн теңге көмек береді. Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатыр мен төсек-орын жабдықтары түріндегі көмек арнайы әуе кемелермен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізілетін болады. Бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты, деп хабарлайды Сырқы істер министрлігі.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметіне жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған.

«Көмек Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде берілетін болады», делінге ресми хабарламада.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылығы Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады.

Бұған дейін Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберілетіні хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз