Қазақстандық тауарлар және бағасы төмен тауарларды рәсімдеуге кеден алымы жойылады

Жарияланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер органдарының отандық тауарлар және бағасы төмен тауарларды (200 еуроға дейін) ресімдегені үшін кедендік алымдарды салу заңсыздығы туралы мәселені көтерген болатын. Қазір қаулының тиісті жобасы ашық НҚА порталында жарияланған.

Фото:atameken.kz

 «Бұл мәселені шешу үшін біз бірден бірнеше мемлекеттік органмен жиналыс өткіздік. Онда олардың әрекеті заңсыз екенін дәлелдедік. Кеден заңнамасын түрлі қолдануды жою үшін  біз Үкіметтің тиісті қаулысына осындай алымдарды алу жағдайларын нақтылап, қазақстандық тауарларды арнайы экономикалық аймақта және құны төмен тауарларды оңайлатылған ресімдеу үшін нөлдік мөлшерлемені белгілей отырып, өзгерістер енгізуді ұсындық. Өзгерістер күшіне енгеніне қуаныштымыз. Енді бизнес, атап айтқанда курьерлік компаниялар мен интернет-дүкендер алаңсыз жұмыс істей алады», – деді «Атамекен» ҰКП кедендік әкімшілендіру департаментінің басқарушы директоры Дина Мамашева.

Кедендік алымдардан бөлек, осы қаулыны қабылдау бизнеске соттар мен прокуратура органдарында құны миллиондаған талаптарды өз пайдасына шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Ұлттық палатаға сараптама жүргізуге «Мемлекеттік кіріс органдары алатын кедендік алымдар мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы келіп түсті.

Сондай-ақ оқыңыз