Сеул Пхеньянға санкция салды
Жарияланды
Оңтүстік Корея бауырлас көрші елге санкция салды- деп, хабарлайды 24.kz
Шектеулер Солтүстік Кореяның елдің киберкеңістігіне қарсы әрекет жасаған үшін жарияланды. Қара тізімге Солтүстіктің 4 азаматы мен 7 ұйымы енгізілді. Ресми Сеул бұл тұлғалар Пхеньянның ядролық және зымырандық бағдарламаларын қаржыландыру үшін криптовалюта ұрлаумен айналысқан дейді. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы Солтүстік Корея 400 миллион доллардай электронды ақшаны қолды еткен.