«Стати ісі» бойынша сот «Самұрық-Қазынаның» пайдасына шешілді
Амстердам соты ағайынды Анатол мен Габриэль Стати және компаниясының («Стати») «Самұрық-Қазынаға» қарсы шағымы орынсыз деп тапқан. «Самұрық-Қазына» қорының хабарлауынша, сот кәсіпкерлерге Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстан Республикасының сот шығындарын төлеуді міндеттеген.
Амстердам аймақтық сотында Статилердің «Самұрық-Қазынаға» қатысты шағымы қаралған. Олар «Самұрық-Қазына» іс жүзінде Қазақстан Республикасының бір бөлігі саналатынын, сондықтан ҚР-ға қарсы төрелік шешімде қойылатын болжамды талаптар үшін жауап береді деп мәлімдеген.
Бұл Нидерланды сотының «Стати ісі» бойынша «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасы пайдасына қабылдаған алғашқы шешім емес.
2022 жылғы 14 маусымда Гаага апелляциялық сотының шешімі шыққан еді. Онда сот «Самұрық-Қазына» АҚ-ның KMG Kashagan B.V. компаниясындағы акциялары тәуелсіз иммунитетке ие екенін дәлелдеп, «Самұрық-Қазына» АҚ мүлкіне тыйым салу заңсыз екенін растаған.
2023 жылдың 9 қаңтарында Амстердам аудандық соты Статидің арбитражда процессуалдық алаяқтық жасағанын, бұл Голландияның мемлекеттік саясатын бұзу екенін айтып, Статидің шешімді тану және орындау туралы өтінішін қабылдамаған.
«Амстердам аудандық сотындағы сот процесі «Самұрық-Қазынаның» ҚР Әділет министрлігімен өзара тығыз жұмысы арқасында сәтті аяқталды», делінген хабарламада.