Жаңалықтар

Түркияда қайтыс болған отандастарымыздың денесі елге жеткізіледі

Түркияда қаза тапқан отандастарымыздың денелері 11 ақпан күні Анталия-Алматы тұрақты рейсімен Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде. Барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алады. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Фото; Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан

Арнайы бирифинг барысында СІМ ресми өкілі жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы да айтты.

«Ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған зақымдалған қолына операция жасалды, денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Бүгін консул оған жеке барып қайтады», деді Смадиров.

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан болған қираулар туралы хабардан бері Министрліктің тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желісіне» 1 мыңнан астам қоңыраулар түсіп өңделді. Негізінен Түркия аумағында туыстарын табу туралы өтініштер түсті.

«Сонымен қатар Түркиядағы дипломаттарымызға қоңыраулар мен өтініштер түсіп жатыр, олар осы бірнеше күн ішінде 150-ден астам отандастың орналасқан жерін анықтап, Қазақстандағы туыстарымен байланыс орнатуға көмектесті», Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Оның дерегінше, өңірдегі ауыр жағдай байланыстың болмауы немесе байланыстағы қиындықтарды ескере отырып және Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсету үшін дипломаттар апат аймақтарына, атап айтқанда ең көп зардап шеккен Газиантеп, Антакья және Кахраманмараш қалаларына барды.

«Көптеген отандастарымызға қауіпсіз жерге көшуге көмек қажет болды, олар көлікпен, тамақпен және баспанамен қамтамасыз етілді», деді Айбек Смадияров.

Кейбір азаматтар Қазақстанға оралуға ниет білдірді. Сонымен қатар, көптеген қазақстандықтар тұрғын үйлерінің бұзылуына байланысты құжаттарын жоғалтты. Консулдар оларға қажетті жол жүру құжаттарын сол жерде рәсімдеп берді.

Соңғы 4 күнде Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Конья және Элязык провинцияларынан 124 Қазақстан азаматы шығарылған, оның ішінде 58 Қазақстан азаматы Астанаға репатриациялық рейстермен жеткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кетті деп есептегенбіз. Біз оны Хатай қаласында таптық, ол екі күн бойы байланысқа шыға алмаған. Қазір аман-сау, қауіпсіз жерде. Тұратын үйі зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелуде. Ол 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері Кахраманмараш қаласы. Әпкесі Министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оның іздеу жұмыстарын бастадық.

Қазіргі уақытта Қазақстан Елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіруде. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде ол ішінде болған.

Айбек Смадияров Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі атынан Хатай провинциясының Антакья қаласында үй құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.