«Жолаушылар тасымалы» жаңа онлайн-сервисті іске қосты
Жарияланды
Жолаушылар bilet.railways.kz сайтынан онлайн билеттерді сатып алу кезінде «Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут» жаңа қызметін пайдалана алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда, жаңа қызмет түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қызметті Қостанай-Семей, Екібастұз-Алматы, Ерейментау-Орал, Петропавл-Ақтөбе, Шымкент-Арқалық, Шымкент-Петропавл, Қостанай-Шымкент, Атырау-Семей және т. б. бағыттар бойынша билет сатып алғанда пайдалануға болады.
Бұл сервисті «Жолаушылар тасымалы» АҚ интермодальды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырды.