Елімізде 46 714 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа түрлеріне ауыстырылуы тиіс Қазір оның 45 345-і немесе 97,1 пайызы басқарудың тың түріне көшіп үлгерген.Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, қазір еліміздің 18 өңірінде, атап айтқанда Алматы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында басқарудың жаңа тетігіне ауысу бойынша жұмыс толығымен аяқталды.
Демек көзделген жоспарды аяғына дейін жеткізу үшін қалған 2 өңірдегі (Астана және Алматы қалалары) 1 369 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 2,9%-ын басқарудың жаңа жүйесіне ауыстыруды қамтамасыз ету қажет.
Бұл ретте жуырда Алматы облысындағы көппәтерлі тұрғын үйдің барлығы кондоминиумның нысаны ретінде жоғарыда аталған басқарудың түріне толықтай көшірілгенін айта кеткен орынды.