Өңдеу өнеркәсібі жобаларын дамытуға 2029 жылға дейін 500 млрд теңге бөлінбек
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жобаларына 500 млрд теңге бөлінбек. Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы бекітілді.
Қарастырылып отырған кезеңде 147 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 868 жаңа жоба іске қосылады деп болжанған. Бұл жобалардың жалпы құны 33,1 трлн теңгег
Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде өндірістің нақты өсімін 2029 жылы 1,5 есе, ал негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 19,8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланған.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Тұжырымдама жобасы Қазақстанның өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, онда өңдеуші сектор негізгі орынды иеленетінін атап өтті.
Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі облигациясына салынатын БЖЗҚ қаржысын машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттайтыны хабарлаған еді.