Ресейлік холдинг Орал әуежайын сатып алды

Жарияланды
Орал әуежайы ресейлік холдингке сатылды Фото: aeroport.kz

Ресейлік «Аэропорты Регионов» холдингі Орал қаласындағы М.Мәмотова атындағы халықаралық әуежайды сатып алды. Компанияның ресми хабарламасында холдинг қазақстандық серіктестермен бірлесіп «Орал халықаралық аэропорты» ЖШС-ын сатып алуды аяқтағынан жазылған.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, Орал әуежайының жаңа иесі  – жолаушылар мен авиакомпанияларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, әуежайды техникалық қайта жарақтандыруды көздеп отыр. Бұл ресейлік әуежай холдингінің алғашқы шетелдік активі.

«Әуежайдың Қазақстанның солтүстік-батысында географиялық қолайлы орналсқаны транзиттік тасымалдауды дамытуға және оның негізінде аймақтық хабты қалыптастыруға мүмкіндік береді», делінген хабарлама.

Орал әуежайы жолаушылар тасымалы жылына 300 мыңнан асады.

Shishkin like телеграм арнасының жазуынша, қазір «Орал халықаралық аэропорты» ЖШС-нің иелері  – қазақстандық кәсіпкер Дәулетхан Қилыбаев, «Ресей ретранс» АҚ мен Caspian Solar компаниясының иесі Сергей Артюгинге тиесілі «Уральск менеджмент» ЖШС. Дәулетхан Қилыбаев Қазақстанның Даму банкінде, «Қазазот» АҚ-да басшылық қызметтерде болған.

Мәміле сомасы жарияланбаған.

2022 жылы наурыз айында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі Орал халықаралық әуежайына берілген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз